1,5 млн қаржыны қалтасына басқан дәрігер сотталды

321

Ақмола облысында қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасаған көпсалалы аурухананың дәрігеріне сот үкімі шықты.  

1,5 млн қаржыны қалтасына басқан дәрігер сотталды Фото: canva

Тергеу мәліметінше, шілде айында терапевт бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы дәрігер қант диабеті және жедел коронарлық жүрек синдромы бар науқасты қабылдайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дәрігер науқасты Астананың №2 қалалық ауруханасына жіберсе, науқас тегін емделе алады. Алайда, сотталушы науқас адамға кардиохирургпен емделу үшін 1,5 млн теңге төлеуді ұсынады.

Науқас сол күні дәрігер айтқан қаржының үштен бірін, ал келесі күні қалған қаражатты аударады.

Сотталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді. Оның қылмысы жәбірленушінің айғақтарымен, сараптамалар қорытындысымен және заттай дәлелдемелермен расталды.

Дәрігерге 2 жылға бас бостандығын шектеу тағайындалды. Сонымен қатар, дәрігер медициналық қызметпен 3 жыл айналыса алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу