Степногорск қаласының прокуратурасы тексеру барысында қалалық білім бөлімінің еңбек заңнамасын бұзғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда, 11 педагог оқуды аяқтағаннан кейін заңда көзделген іссапар шығындарын бірнеше ай бойы ала алмаған. Оларға жалпы сомасы 1,8 млн теңгеден астам қаражат төленбеген.
Прокуратураның қадағалау актісінен кейін берешек толық өтелді. Заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасының сақталуын бақылау жұмыстарын жалғастырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу