Ақмола облысында 22 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

318

Біржан сал ауданында орналасқан жер учаскесі ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмаған.  

Ақмола облысында 22 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды Фото: freepik.com

Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақмола облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті ауыл шаруашылығы мақсатындағы 22 254 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жердің игерілмегені департамент жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша жер пайдаланушыға анықталған заң бұзушылықтарды жою және жерді игеру жөнінде нұсқама берілді. Алайда мемлекеттік органның талаптары орындалмады.

Осыған байланысты департамент Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінді.

Сот талап арызды толық көлемде қанағаттандырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу