Ақмола облысында 6 адам қар құрсауында қалып қойған

295

Ақмола облысының Жарқайың ауданында қарлы боран салдарынан жолда қалып қойған 6 адамға Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері көмек көрсетті.

Ақмола облысында 6 адам қар құрсауында қалып қойған   Фото: видеодан алынған кадр

ТЖМ мәліметінше, жеңіл автокөлік жолаушыларымен бірге Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласы бағытында келе жатып, жолдан шығып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Соның салдарынан көліктегі азаматтар бағытынан адасып, қозғалысты өз бетінше жалғастыра алмаған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар алты адамды қауіпсіз жерге эвакуациялап, оларды жылыту пунктіне орналастырды. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі қысқы кезеңде алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамын мұқият қадағалап, жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға және қолайсыз метеожағдайларды ескеруге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу