Ақмола облысында ауыз су сататын автоматтан 80 мың теңге ұрланды

361

Ер адам кінәсін мойындады.  

Ақмола облысында ауыз су сататын автоматтан 80 мың теңге ұрланды Фото: ЖИ

Шортанды ауданында ауыз су сататын автоматты бұзып, ішіндегі ақшаны ұрлаған күдікті анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияға 1974 жылы туған жергілікті тұрғын жүгінген. Оның айтуынша, түнгі сағат 02:00-ден 05:00-ге дейін Дамса ауылындағы дүкендердің бірінің маңында белгісіз адам су сататын құрылғыны бұзып, ішіндегі 80 мың теңгені алып кеткен.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция 1978 жылы туған жергілікті тұрғынды күдікті ретінде анықтады. Ер адам кінәсін мойындап, ұрланған ақшаны жұмсап қойғанын айтқан.

Полицияның мәліметінше, жедел жұмыс пен қолда бар ақпаратты тексеру арқылы күдіктінің жеке басы анықталған.

Құқық қорғау органдары кәсіпкерлерге мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, нысандарға бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу