Салдарынан автобус жүргізушісі кабинада қысылып қалған.
Ақмола облысы ТЖД мәліметінше, бірнеше жолаушы түрлі жарақат алған. Соқтығысудан кейін экскаватор өртеніп кеткен.
"Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар жетті. Гидравликалық құралдардың көмегімен олар жүргізушіні абайлап шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Экскаватордағы өрт өшірілді. Қаза тапқандар жоқ", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу