Ақмола облысында былтыр 17 жұмысшы өндірісте қаза тапқан

832

Еңбек инспекциясы былтыр 500-ден астам кәсіпорынға тексеріс жұмыстарын жүргізіп, олардың барлығынан дерлік заңбұзушылық анықтаған.

Ақмола облысында былтыр 17 жұмысшы өндірісте қаза тапқан

Өткен жылы Ақмола облысында 79 жұмысшы өндірісте зардап шексе, олардың 17-сі қаза тапқан. Бұл туралы облыстық еңбек инспекциясы басқармасы хабарлады, деп жазады 24.kz.

Мәліметке сүйенсек, оқыс оқиғалар көбінесе тау-кен өндірісі кәсіпорындарында болады екен. Мұндай жағдайлар Көкшетау және Степногорск қалалары мен Бурабай, Сандықтау, Зеренді аудандарында жиі кездеседі. Ал, негізгі себеп, арнайы техникаларды дұрыс пайдаланбау. Яғни, қауіпсіздік ережелері сақтала бермейді. Одан бөлек жұмысшылардың тау жыныстарының астында қалып қоятын жағдайлар да кездесіп жатады. Мәселен, өткен жылы кен қазып жүрген экскаваторшы жігіт қаза болған еді. Осындай оқиғалар жиілеп кеткен соң, еңбек инспекциясы былтыр 500-ден астам кәсіпорынға тексеріс жұмыстарын жүргізіп, олардың барлығынан дерлік заңбұзушылық анықтаған.

"Мәселен, кен өңдеу кәсіпорындарының бірінде бір жұмысшы мерт болғаннан кейін сол оқиға болған маңай қоршалып, күзет қойылды. Яғни енді қауіпті жерге ешкім өте алмайды. Осы секілді олқылықтарды жоюға әрекет жасап жатырмыз", – дейді облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенбек Баймұсынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу