Ақмола облысында дәнді дақылды бастыру көлемі 900 мың гектарға ұлғайған

1262

Ақмола облысында дәнді дақылды бастыру көлемі 900 мың гектарға ұлғайған

Ақмола облысында дәнді дақылдарды бастыру көлемі 900 мың гектарға ұлғайды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан аппараттық жиын барысында. Бұл туралы strategy2050.kz хабарлайды.

Өз сөзінде ол қазіргі уақытта егін жинау науқаны аяқталуға жақын екенін атап өтті. Бүгінде егін жинауға 9 мың бірлік астық жинау комбайны тартылған, дәнді дақылдарды бастыру 3,3 млн га (77,2%) аумақта жүргізілген, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 900 мың гектарға артық. 

"Облыстық АӨК ағымдағы жылы Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі меморандум көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз еткенін атап өткен жөн. Қолайлы ауа райы жағдайларында дәнді дақылдарды жинауды оңтайлы мерзімде аяқтауды жоспарлап отырмыз", – деді М. Балпан.

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин жинау науқанын белгіленген мерзімде аяқтау үшін орташа тәуліктік жұмысты ұлғайтуды тапсырды.

Ақмола облысының мұрағат қызметінің дамуы туралы мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мәрзия Тохаева айтып берді. Оның айтуынша, облыстың мемлекеттік мұрағатында 1 млн 355 мың мұрағат ісі сақталуда.

"Жарқайың және Еңбекшілдер аудандарының мемлекеттік мұрағаттарында дабыл орнатылса, Егіндікөл және Жарқайың аудандарының мемлекеттік мұрағаттарында автоматты өрт сөндіру орнатылған. Мұрағат мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Еңбекшілдер және Ерейментау аудандарында  қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2017 жылға 15,0 млн теңге бөлінді", - деп баяндады ол.

Жиын барысында облыс әкімі мұрағат құжаттарын цифрлық форматқа ауыстыру жұмысын жандандыруды, сондай-ақ бір ай ішінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жаңа жобаларды іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды, деп хабарлайды strategy2050.kz. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу