Ақмола облысында шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 11 адам қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақмола облыстық ТЖД ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаевтың ақпаратынша, өткен демалыс күндері аймақта су айдындарында төрт адам қаза болды. Қайғылы жағдайлардың бірі Көкшетаудағы Қанай би көшесі жағындағы Қопа көлінде болды. Суға 44 жастағы ер адам батып кеткен.
"Су қоймасының бұл бөлігі шомылуға арналмаған және суға түсуге тыйым салынған. Сондай-ақ бір топ адамның жағада спирттік ішімдік ішкені анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп түсіндірді Ерсайын Қойшыбаев.
Судағы екінші өлім Қосшы қаласында, атап айтқанда Тайтөбе ауылының маңындағы Сарқырама өзенінде болды. 37 жастағы ер адам сол жерде суға батып кетті. Құтқарушылардың айтуынша, ол бір топ адаммен алкогольдік ішімдік ішкен.
"Үшінші оқиға Шортанды ауданына қарасты Төңкеріс ауылының маңында болды, онда 18 жастағы ер адам суға батып кетті. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ, жазатайым оқиға болды. Целиноград ауданы Қаражар ауылының маңындағы 1988 жылы туған ер адам мас күйінде бассейнге құлап, демалыс аймағында қайтыс болды", – деп қосты Ерсайын Қойшыбаев.
Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салды. Өлім-жітімнің көпшілігі шомылуға тыйым салынған жерлерде болады, ал зардап шеккендер әдетте мас күйінде болады. Бұдан басқа, балаларды су маңында қараусыз қалдырмауды есте сақтаған жөн.
Шомылу маусымы басталғаннан бері Ақмола облысында 11 өлім оқиғасы тіркелді.