Ақмола облысында егістік алқап көлемі 5,1 млн гектарға жетті

468

Биыл Ақмола облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 5,1 млн гектарға дейін ұлғайтылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақмола облысында егістік алқап көлемі 5,1 млн гектарға жетті

"Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс жерін 57 мың гектарға ұлғайтып, 5,1 млн гектарға жеткіздік. Бұл республикадағы ең үлкен көрсеткіш, біз жыл сайын елдегі астықтың төрттен біріне жуығын өндіреміз, бұл ретте астық, тұқым және жемге деген ішкі қажеттіліктерді толық қамтамасыз етеміз. Жыл сайын әлемнің 28 еліне 2 млн тоннадан астам астық экспорттаймыз", – деді спикер. 

Астық өндірісіне тоқталған әкім оның негізгі құрамдас бөлігі – техникалық екенін атап өтті. Тек жыл басынан бері облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары жалпы сомасы 21 млрд теңгеге 727 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған. 

"Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіруді арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, біз жыл сайын майлы дақылдар, картоп және көкөніс алқаптарын ұлғайтып келеміз. Мәселен, биыл майлы дақылдар мен картоп алқаптары 15%, көкөніс 400 гектарға ұлғайтылды", – деді Ермек Маржықпаев. 

Спикердің айтуынша, әлемдік азық-түлік нарығында органикалық өнімге сұраныс артып келеді. Бұл бағыт Ақмола облысында да дамуда. 

"Шамамен 10 мың гектар аумақта органикалық өнімдерді өсіруге сәйкестік сертификаттары бар. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз", – деп түйіндеді өңір басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу