Ақмола облысында есірткі зертханасын ұйымдастырған әкесі мен ұлы ұсталды

123

54 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы қамауға алынды.    

Ақмола облысында есірткі зертханасын ұйымдастырған әкесі мен ұлы ұсталды Фото: polisia.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында ірі есірткі зертхасын жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Әкесі ұлын заңсыз бизнеске тартып, синтетикалық есірткі өндіруді үйреткен.

Арнайы операция барысында:

  • 200 келі мефедрон;
  • 2 тоннадан астам прекурсор;
  • химиялық реактор;
  • түрлі жабдықтар тәркіленді.

– Тәркіленген есірткі 600 жүз мың бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 5 млрд теңге немесе 10 млн АҚШ долларынан астам. Бұл есірткі заңсыз айналымға түссе, мыңдаған адамның тағдырына балта шабушы еді, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.

Айта кету керек, прекурсор басқа өңірлерге де жеткізілмек болған. Полиция есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға тосқауыл қоюды жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу