Ақмола облысында кәсіпорын жұмысшыларына 7 млн теңге жалақы төлемеген

123

Айлықты уақытылы бермегені үшін лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.    

Ақмола облысында кәсіпорын жұмысшыларына 7 млн теңге жалақы төлемеген Фото: zakon.kz

Ақмола облысының прокуратурасы қабылдаған шаралар нәтижесінде жұмыс ақысы үшін берешек өтелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

 Егіндікөл ауданы прокуратурасымен талдау барысында жұмысшылардың жалақысын төлемеу фактісі анықталды.

"Егіндікөл Су Арнасы" ШЖҚ МКК-нің жалпы сомасы 7 млн теңгені құрайтын жалақы берешегінің қалыптасқаны анықталған.

Қадағалау актісі бойынша қарыз толық көлемде өтеліп, жауапты лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпорын 51 жұмысшының еңбекақысын толықтай өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу