Ақмола облысында кәсіпорында газ баллоны жарылды

1006

Зардап шеккен үш әйел ауруханаға жатқызылып, ал ер адамға медициналық көмек көрсетілді.

Ақмола облысында кәсіпорында газ баллоны жарылды

Оқиға Астрахан ауданының Новочеркаск ауылындағы "Астрахань" құс фабрикасына қарасты  ет комбинатының бірінде болған. Зардап шеккен үш әйел ауруханаға жатқызылып, ал ер адамға медициналық көмек көрсетілді.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерінің айтуынша, сыйымдылығы 27 литр болатын тұрмыстық газ баллоны жарылып, 150 шаршы метр алаңды зақымдапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу