Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

139

Ақмола облысында күннің бұзылуына байланысты жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді Фото: canva

Жылдамдық режимін 2025 жылғы 3 қараша күні сағат 09:00-де қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

– Ақмола облысында күннің бұзылуына байланысты 2 қараша сағат 19:00-ден бастап республикалық маңызы бар "KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)" автожолының 180-243 шақырым аралығында көліктің барлық түрлері үшін жылдамдық шектеуі 140 км/сағ-тан 110 км/сағ-қа дейін төмендетіледі, – делінген хабарламада.

Бұл ауа райының тұрақтануына және қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне байланысты жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу