Ақмола облысында көлік жылдамдығына уақытша шектеу енгізілді

103

ҚазАвтоЖол Ақмола облысында көлік жылдамдығына уақытша шектеу енгізілгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысында көлік жылдамдығына уақытша шектеу енгізілді Фото: Бейнежазбадан

"2025 жылғы 6 қараша сағат 00:30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)" автожолының 19-231 шақырым аралығында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жылдамдығы 110 км/сағ-тан 80 км/сағ-қа дейін төмендетілді", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы бұл шектеу ауа райы тұрақтанған соң, 2025 жылғы 6 қараша күні сағат 15:00-де қайта алынып тасталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу