Ақмола облысында құрамында алтыны бар кварц кенін заңсыз өндіріп, сатқан кәсіпкер сотталды

672

Сот үкімімен сотталушыға келтірілген залалды республикалық бюджетке толық өтеп, 2,5 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.  

Ақмола облысында құрамында алтыны бар кварц кенін заңсыз өндіріп, сатқан кәсіпкер сотталды

Сотталған адам басында кен орнындағы учаскеге барлау жұмыстарын жүргізуге ғана келісімшартқа отырған, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу барысында азамат Ибраевтың Жолымбет кен орнындағы учаскеге ғана барлау жұмыстарын жүргізуге келісімшартқа отырып, құрамында алтыны бар кварц кенін заңсыз өндірумен айналысып, кейін оларды үшінші тұлғаларға өткізгені анықталған. Осылайша, 280 млн теңге кіріс көрген", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу