Құрғақ шөптің өртенуі Целиноград, Аршалы, Жарқайың, Ерейментау, Зеренді және Бұланды аудандарында, сондай-ақ Бурабай ауданында және Көкшетау қаласында тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар, Зеренді ауданында 10 шаршы метр аумақта комбайн өртенді.
Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында барлық жану ошақтары толықтай жойылды. Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД күштері, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы мекемелері, "Бурабай" МҰТП, "Қазавиаспас" АҚ, сондай-ақ Вознесенка ауылы, Анар станциясы, Родина және Уленты ауылдарының "Ауыл құтқарушылары" жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу