Бұған дейін ер адам бір жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған болатын, бірақ соған қарамастан қайтадан рөлге мас күйінде отырған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындап, оның алдында көп мөлшерде қымыз ішкенін айтып түсініктеме берді. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін дәлелдейтін айғақтарды ұсынды.
Жаза тағайындау кезінде сот кінәні мойындауын және ер адамның кәмелетке толмаған балаларының бар екенін ескерді.
Үкім заңды күшіне енді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу