Мемлекет басшысының АӨК-тегі қайта өңдеу үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Көкшетауда ірі өндірістік-логистикалық кешеннің құрылысы жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жоба ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге бағытталған, бұл қосылған құны жоғары өнім шығаруды қамтамасыз етеді.
"Содружество" компаниялар тобының бас директоры Александр Самойловтың айтуынша, нысанның өндірістік қуаты жылына 1 млн тоннаға дейін шикізат (тәулігіне 3 мың тонна) өңдеуге мүмкіндік береді. Кешен майлы дақылдардың барлық түрлерін өңдейді: күнбағыс, рапс, зығыр және соя.
– Біздің бүкіл жобамыз терең өңдеу қағидаттарына негізделген және агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыруға арналған мемлекеттік бағытпен толық сәйкес келеді, – деп атап өтті Александр Самойлов.