Ақмола облысында медиацияның арқасында 200-ге жуық іс тоқтатылды

1144

Ақмола облысында медиацияның арқасында 200-ге жуық іс тоқтатылды

Ақмола облысының соттары бейбіт келісім жасау арқылы 300-ге жуық азаматтық істі және медиативтік келісім жасау арқылы 200-ге жуық істі тоқтатты. Бұл жөнінде облыстық сот судьясы Сәуле Қияшева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Ол дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын пайдалануды кеңейту үшін әкімдік пен сот арасында облыстағы медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылғанын атап өтті. Қоғамдағы даулар деңгейінің төмендеуіне ықпал ететін дауларды сотқа дейінгі реттеу институтын, соның ішінде медиация институтын жан-жақты енгізу және дамыту бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде бірлескен іс-шараларды іске асыру Меморандум жасаудың мақсаты болып табылады.

"Бүгінгі таңда барлық аудандық және оларға теңестірілетін соттар жергілікті әкімдіктермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасады. Осы құжатты іске асыру аясында өңірлерде қажетті жабдықпен қамтамасыз етілген медиация кабинеттері ашылды", – деді С. Қияшева.

Сондай-ақ, брифинг барысында медиацияның сәтті мысалдары келтірілді. Мысалы, Бұланды аудандық соты азаматшаның жолдасына некені бұзу туралы талабы бойынша азаматтық істі қарады. Сот отырысында тараптардан медиатордың қатысуымен жасалған медиативті келісім түсті. Келісімге сәйкес, жолдасы отбасын сақтап қалу мақсатында өзінің отбасына және жұбайына деген қарым-қатынасын жақсы жағына қарай өзгертуі тиіс, ал жұбайы отбасын сақтап қалуға келіседі.  

Осындай мысалдар өте көп, деп түсіндірді Ақмола облыстық сотының судьясы Роза Ертаева.

Бүгінгі таңда судьялар республиканың дамуына, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қойған стратегиялық міндетті іске асыруға едәуір үлес қосып жатқанын атап өту қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу