Заңсыздықты Жақсы ауданының прокуратурасы анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аудан прокуратурасымен Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдиниет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдиниет Үйі" МККК-ның қызметінде тексеру жүргізіп, есепшінің кәсіпорыннан 58 млн теңгеден астам бюджеттік қаражатын жымқырғаны анықтады.
Нәтижесінде аудан прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа жіберілген.
Сот үкімімен мәдениет үйінің есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылған.
ҚК-тің 74-бабына сәйкес, жазаны өтеу 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу