Сәуір айында Щучинск қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының барысыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 19 жастағы азаматты ұстады.
Ол есірткіні жасырын белгіленген жерлерге қойып кетіп жүрген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тергеу іс-шаралары кезінде полицейлер күдіктіден 88 есірткі жинағын тәркіледі, оның 30-ын ол арнайы орындарға жасырып үлгерген. Сол күні барлық есірткі белгілерін жедел уәкілдер тауып, сараптамаға жіберді.
Анықталғандай, жас жігіт екі апта бұрын кураторлардан қажетті дайындық пен нұсқаулықтан өткеннен кейін заңсыз әрекеттермен айналыса бастаған. Күдіктінің өзі жұмыс істемейді, қылмыстық жолмен жеңіл ақша тапқысы келген.
Бұл факт бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.