Ақмола облысында полиметалдар өндіретін фабрика жылына 150 мың тонна кен шығарады

1548

Ақмола облысында полиметалдар өндіретін фабрика жылына 150 мың тонна кен шығарады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Зеренді ауданында екі жаңа өндірістік нысан ашылды, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бірінші болып Күсеп ауылдық округінде орналасқан полиметалдарды (алтын, күміс, мырыш, қорғасын) өндіріп, өңдеп және байытатын "Горизонт" тау-кен өнеркәсіптік компаниясы" ЖШС фабрикасы салтанатты түрде ашылды. Жобаның жалпы құны - 1,7 млрд теңге. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 150-200 мың тонна кенді құрайды.

Ашылу күніндегі жұмысшылардың саны 52 адамды құраса, жобалық қуаттылыққа шығу кезінде тұрақты жұмыс орындарының санын 100-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Екінші ашылған нысан Қонысбай ауылдық округінде "Blic Terminal" ЖШС-ның жалпы құны 900 млн теңге, өндірістік қуаттылығы тәулігіне 120 тонна тұқым немесе 40-50 тонна май шығаратын, майлы дақылдарды өңдейтін зауыт болып табылады.

Сондай-ақ, осы кәсіпорында өңдеу қуаттылығы тәулігіне 70 тонна астық шығаратын алғашқы диірмен кешені салынды. Зауытта қазір 40 адам жұмыс істеуде, ал жобалық қуаттылығына шыққан кезде жұмыс орындарының жалпы саны 120 адамды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу