Ақмола облысында шағын МӨЗ жылына 150 мың тонна жанармай шығарады

872

Ақмола облысында шағын МӨЗ жылына 150 мың тонна жанармай шығарады

Ақмола облысының Степногор қаласында мұнай өңдейтін шағын МӨЗ ашылды, деп жазады strategy2050.kz.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, Ақмола облысының аумағында алғаш рет жоғары сапалы қысқы дизельдік отын өндірілмекші. Кәсіпорын өндірілетін өнімнің бағасын түсіру, сапасын арттыру мақсатында шағын МӨЗ-ді қайта жөндеу мақсатында инвестициялық жобаны қолға алған болатын.  Жобаның  құны – 1,5 млрд теңгені құрайды.

Индустрияландыру картасына енген аталмыш  жобаны жүзеге асыру жоғары сапалы дизельдік отынды өндіруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын жылына 150 мың тонна жанармай шығарады.

Қазақстанның дизельдік отынға деген қажеттілігі жылына 400 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 150 мың тоннасы степногорлық кәсіпорында шығарылады. Сондай-ақ, шағын МӨЗ 15 жаңа жұмыс орнын ашып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу