Ақмола облысында шахтадан 2 адамның мәйіті табылды

764

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар нысан аумағына заңсыз кірген.

Ақмола облысында шахтадан 2 адамның мәйіті табылды Фото: depositphotos

Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінің аумағынан екі ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, мәйіттердің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар нысан аумағына заңсыз кірген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп түсіндірді полиция департаментінің өкілдері.

Полицияның хабарлауынша, жыл басынан бері Степногор қаласында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 506-бабы ("Күзетілетін нысандарға заңсыз кіру") бойынша 322 адам жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ осы кезеңде жергілікті шахталарда тоғыз адам қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу