Құтқарушылар Ақмола облысының Астрахан ауданында Қалқұтан өзенінің тасуына байланысты көлік қатынасы үзілген Старый Колутон ауылында жедел жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өткен тәулікте 21 адам, оның ішінде 1 жүкті әйел моторлы қайықтардың көмегімен тасымалданды.
Су тасқынына қарсы жұмыстардың барысын ТЖ вице-министрі Рамиль Камалов тексерді.
– Жағалау сызығын нығайту және одан әрі су басуға жол бермеу үшін инертті материалдары бар 1 мыңнан астам қап төселді, 300 текше метр су сорылды. 21 сиыр мен 100-ге жуық қошқар қауіпсіз жерге айдалды. Құтқару жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, 20 ТЖМ арнайы техникасы, ЖАО және еріктілер жұмылдырылды. Жағдай ТЖМ бақылауында. Құтқару және нығайту іс-шаралары тәулік бойы жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.