Ақмола облысында су басу қаупі бар аумақтардан 718 отбасы көшірілді

98

Жалпы өңірде тасқынға қарсы шаралар 163 елді мекен мен 32 жол учаскесін қамтыды.    

Ақмола облысында су басу қаупі бар аумақтардан 718 отбасы көшірілді Фото: primeminister.kz

Бүгінгі таңда 70 елді мекенде су басу қаупі жойылды. Қалған елді мекендерде қауіп барынша азайтылды. Соңғы 2 жылда өңірде су басу қаупі бар аумақтардан 718 отбасы көшірілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аймаққа арнайы барған вице-премьер Қанат Бозымбаев қарды тәулік бойы шығаруды қамтамасыз етуді, өзен арналары мен су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстарын жеделдетуді, уақытша орналастыру пункттерін тексеруді, қажетті техника мен материалдардың резервін дайындауды, сондай-ақ халықты уақтылы ақпараттандыруды тапсырды.

Азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары жоғары дайындық режиміне көшірілді. Бұл – 2,5 мың адам, 1 мыңнан астам техника, 400-ге жуық мотопомпа және 37 жүзу құралы. Қажетті инертті материалдар, қаптар мен жанар-жағармай қоры дайындалды.

15 наурыздан бастап тасқынға қарсы штабтар тәулік бойы жұмыс істейді. Қауіпті учаскелерде тұрақты мониторинг жүргізу мақсатында 19 дрон қолданылуда.

"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, Ақмола облысында тасқынның шарықтау кезеңі 30 наурыздан кейін болады деп күтіліп отыр.

Tasqyn ақпараттық жүйесіндегі модельдеу нәтижелері бойынша қауіп аймағында Астрахан, Атбасар және Бұланды аудандарындағы елді мекендер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу