Ақмола облысында суға батқан балықшының денесі су қоймасынан табылды

533

Целиноград аудандық полиция бөліміне кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 1960 жылғы әкесінің жоғалғанын айтқан. 

Ақмола облысында суға батқан балықшының денесі су қоймасынан табылды Фото: Қостанай жаңалықтары

Әйелдің сөзінше, әкесі 14 сәуір күні сағат 06:00-де балық аулауға кетіп, қайтып оралмаған, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірлесіп, іздестіру шараларын ұйымдастырды. Соның нәтижесінде сәуірдің 16-да жоғалған адамды ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері Целиноград ауданының Қабанбай-батыр ауылы маңындағы "Қарасу" су қоймасынан алып шықты. Қазіргі уақытта полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сараптама тағайындалды", - деді ведомстводан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу