Ақмола облысы, Зеренді ауданының Айдабол ауылында жуырда шұжық цехы іске қосылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде хабарланды.
Кешенде өндіріске қажетті барлық жабдықтар бар. Қуаттылығы 20 тонна 7 тоңазытқыш камера, 500 кг дайын өнім шығарып, оны ыстайтын орын, мал соятын орын мен қойма жұмыс істейді. Комбинат кешенінде 400 ірі қара мал семіртуге арналған алаң да бар.
Жобаның жетекшісі Қайрат Ахметов алдағы уақытта малды бордақылау үшін "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасының жеңілдетілген несиелерін байқап көрмек. Бұдан бөлек, кәсіпкер жылқы етінен жасалған деликатестерді облыс орталығынан дүкен ашып, сонда сатуды да жоспарлап отыр. Аталған өндіріс ошағы іске қосылса, жергілікті 25 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілмек.