Ақмола облысында теміржол бойына төгілген күкірт өртенді

336

Зардап шеккендер жоқ.

Ақмола облысында теміржол бойына төгілген күкірт өртенді Фото: sputnik.kz

Ақмола облысында теміржол бойына төгілген күкірт жанып, өрт шықты. Оқиға Степногорск қаласына қарасты Ақсу кентінің маңында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 1 шаршы метр аумақта сөндірілді. Жүк вагоны құрамнан ажыратылып, қауіпсіз жерге әкетілді. Күкірт төгілген аумақ инертті материалмен өңделді.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Тұрғындарға да қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің кезекшілігі ұйымдастырылып, уәкілетті органдар қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу