Ақмола облысында төрт адамды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

121

 Оқиға Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылында тіркелген.   

Ақмола облысында төрт адамды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Фото: gov.kz

Ақмола облысында аса ауыр қылмысқа қатысты күдікті ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам жақын туыстарына қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

Әлеуметтік желілерде аталған оқиғаға байланысты түрлі мәліметтер мен болжамдар тараған. Алайда құқық қорғау органдары бұл ақпараттардың басым бөлігі ресми түрде расталмағанын атап өтті.

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаменті басшылығы тергеу барысын жеке бақылауына алған. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жария етілмейді.

Сонымен қатар полиция тұрғындарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырды. Ведомство өкілдері жалған мәлімет тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу