Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Ақмола облысына қарасты Жібек Жолы ауылында болған жантүршігерлік қылмысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Санжар Әділовтің сөзінше, күдікті бұрын істі болған.
"Ол бұған дейін де бір істі тергеу кезінде ақыл есі сау емес деп танылған. Қазір психиатриялық сараптаманың қорытындысын күтейік. Егер күдікті есі дұрыс деп танылса, айыптау актісімен бірге сотқа жолданады. Есі дұрыс емес деп танылған жағдайда, мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі. Сараптама қорытындысы сотқа жіберіледі", – деді Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында.
Ведомство өкілі тергеу жалғасып жатқанын айтты. Сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу