Бүгін Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылында ашық аумақта трактор тіркемесіндегі 1 тонна шөп жанды. Тракторға өрттің таралу қаупі шөпті тіркемеден ашық жерге түсіру арқылы жойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала себеп – тракторда ұшқын сөндіргіштің болмауы", – делінген хабарламада.
Өрт немесе төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз!
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу