Ақмола облысында жарылғыш заттар тиеген жүк көлігі апатқа ұшырап, 2 адам ажал құшты

149

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақмола облысында жарылғыш заттар тиеген жүк көлігі апатқа ұшырап, 2 адам ажал құшты Фото: ҚазАвтоЖол

Ақмола облысында карьерлік жұмысқа арналған жарылғыш заттарды Астанаға тасымалдап келе жатқан "КамАЗ" көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 16 маусым күні шамамен сағат 07:00-де Астана – Атбасар – Жақсы тасжолының 231-шақырымында Бастау ауылының маңында жол-көлік оқиғасы тіркелген.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 1996 жылы туған Chevrolet Tracker көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан 1973 жылы туған ер адамның басқаруындағы жүк көлігі "КамАЗ"-бен бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен 1978 жылы туған жолаушы әйел көз жұмды", – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ полиция "КамАЗ" жүргізушісінің қауіпті жүкті тасымалдауға тиісті рұқсаты бар екенін атап өтті. Оқиға кезінде кабинада қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты күзетші болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу