Оқиға 24 сәуір күні Макинск қаласында болған. Жергілікті 18 жастағы тұрғын медициналық мекемеге пышақ жарақатымен жеткізілген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті ретінде жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Ақмола облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Заңнамаға сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу