Ақмола облысында жоғалған жылқылардың өлекселері табылды

413

Келтірілген залал сомасы 900 мың теңгені құрады. 

Ақмола облысында жоғалған жылқылардың өлекселері табылды Фото: polisia.kz

Ерейментау ауданының полиция бөліміне Ерейментау қаласының 54 жастағы тұрғыны еркін жайылымнан қара және жирен түсті екі бас жылқының жоғалып кеткені туралы өтінішпен жүгінді.

Бұл факт ҚР ҚК 188-1-бабы 1-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Өздігімен іздеу нәтиже бермеді.

Ерейментау АПБ криминалдық полиция қызметкерлері жақын маңдағы елді мекендерді, қыстақтарды, шалғай учаскелерді, орман алқаптарын аралап шықты. Көлдің маңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қоржынкөл көлінің маңында жоғалған жылқылардың өлекселері табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу