Ақмола облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

221

Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

Ақмола облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты Фото: Ақмола облысының ПД

7 желтоқсан күні Ақмола облысында қызметтік міндетін атқару барысында патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенант Асанәлі Әскербеков жол апатынан қаза тапты.

"Қайғылы оқиға Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерді қауіп туралы, жылдамдықты төмендету және жолдың тарылуы туралы ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен", – делінген хабарламада.

Департамент бұл факті бойынша жан-жақты және объективті тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу