Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас малды қағып кетті

378

Оқиға 13 қыркүйекте Макинка – Елтай аралығында болған.  

Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас малды қағып кетті Фото: ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті

Ақмола облысында "Петропавл – Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызы 13 бас малды қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Машинист теміржол жолында ұсақ малдың жүргенін байқап, шұғыл тежеу қолданған. Қабылданған шараларға қарамастан, пойыз 13 бас малды қағып кеткен.

Оқиға салдарынан пойыз қозғалысы 9 минутқа тоқтады.

– Көлік полицейлері жануарлардың иесін Ақмола облысының 63 жастағы тұрғынын анықтады. Теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Көліктегі ПД бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов.

Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаменті пойыздардың шұғыл тежеуіне қатысты 1005 фактіні тіркеген. Оның 746-сы ауыл шаруашылығы жануарларының теміржол жолдарына шығуына байланысты.

Полиция мал иелерін теміржол маңында жануарларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Бақылаусыз жүрген мал пойыз қозғалысына кедергі келтіріп қана қоймай, жолаушылардың қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу