banner

Ақмола облысында жолда қалған Тәжікстан азаматтары мешітті паналады

487

"Астана-Петропавл" автожолында аязға байланысты құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен және полиция қызметімен бірлесіп дизель отынымен жүретін жолаушылар автобусынан 49 адамды эвакуациялады.  

Ақмола облысында жолда қалған Тәжікстан азаматтары мешітті паналады Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Олардың ішінде алтауы бала, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушылардың бәрі - Тәжікстан Республикасының азаматтары. 49 азамат Щучинск қаласының орталық мешітіне жылыту пунктіне орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

"Біз Тәжікстаннан Ресейге жол тарттық. – 40 градус аязда біздің автобус жолда қалып қойды. Департаментіңізге, Қазақстан халқына бізді жылы жерге орналастырып, қолдау көрсеткендері үшін рахмет. Осындай суықта бізге көмектескендері, жылы жерге орналастырғандары, тамақтандырғандары үшін Қазақстанға алғыс айтамыз", – деді эвакуацияланғандардың бірі.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан жолдардың жабылуы туралы СМС хабарламалар алған кезде жолға шықпауларын сұрайды. Жолдардың жабылуы және ауа-райы туралы ақпаратты "Darmen" қосымшасын жүктеу арқылы немесе 1403 нөмірі бойынша білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу