Ақмола облысында жолдарды су басып жатыр

779

Ақмола облысында жолдарды су басып жатыр

Бүгінде Атбасар, Ерейментау, Шортанды, Целиноград, Қорғалжын аудандарында кейбір елдімекенге апаратын тасжолдарға су жайылған, деп хабарлайды 24.kz.

Алайда мамандар қауіп жоқ деп отыр. Себебі, кейбір жерлерден көлік өте алатын болса, енді бірінде ауылдарға баратын қосымша жолдар бар екен.

Сондай-ақ аймақта аулаларды су басу жағдайы кездесуде. Дегенмен қазір арнайы техникалардың көмегімен еріген қар дереу сорылып жатыр.

"Аталған елді мекендердің көбісінде жолды су шаю деген жылда қайталанатын жағдай. Сондықтан ауыл халқы бұған ерте қамданған. Яғни негізгі жолдың уақытша жабылуынан халық аса қатты қиындық көріп отырған жоқ. Ал аулалардың су басуына тұрғындардың өздері кінәлі деп ойлаймын. Себебі ерте көктемде үйдің маңайын қардан жақсылап тазарту керек еді", - дейді облыстық ТЖД бөлім жетекшісі Олег Малюк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу