Ақмола облысында жүкті әйел мен күйеуі жол апатынан қаза тапты

196

Әйел бесінші баласына аяғы ауыр болған.

Ақмола облысында жүкті әйел мен күйеуі жол апатынан қаза тапты Фото: kaztag.kz

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақсу-Бестөбе-Изобильное тас жолында LADA Largus және Toyota Land Cruiser Prado көліктері соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жол апаты салдарынан LADA Largus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Бұл отбасы 4 баланың ата-анасы болып шықты.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция жүргізушілерге, әсіресе көлік көп жүретін жолдарда, жылдамдықты асырып кетпеу және көліктердің техникалық жағдайын қадағалау қажеттігін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу