Ақмола облысындағы су қоймаларын тексеру басталды

161

"Қазсушардың" Ақмола облысындағы филиалы Краснобор және Есіл су қоймаларында, сондай-ақ Преображенск гидроторабында көпфакторлы тексеру жұмыстарын бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысындағы су қоймаларын тексеру басталды Фото: gov.kz

Бұл жұмыстарға геологиялық, гидрологиялық және геодезиялық зерттеулер, су түбі мен жаға сызықтарын зерделеу, су ортасының жағдайын талдау сияқты кешенді шаралар кіреді. Тексеру кезінде заманауи және сапалы құрылғылар — георадарлар, сонарлар және басқа да жабдықтар қолданылып жатыр.

Биылдың соңына дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміз бойынша 134 гидротехникалық нысанды көпфакторлы тексеруден өткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, былтыр Қазақстанның 14 облысында 84 нысан тексерілген еді. Бұл бастапқы жоспардан да көп болды.

"Ақмола филиалы бұл жұмыстарды биыл мамыр айында бастаған. Көпфакторлы тексеру гидротехникалық нысанның пайдаланылу барысында қандай күйде екенін анықтау үшін жүргізілетін толық әрі кешенді талдауға бағытталған", – деді "Қазсушар" РМК Ақмола филиалының директоры Ербол Әскербеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу