Есіл, Бурабай, Астрахан, Атбасар, Целиноград, Зеренді, Бұланды, Біржан сал аудандарында жалпы аумағы 93 гектарды құрайтын құрғақ шөптің жану жағдайлары тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық жану ошақтары толықтай сөндірілді.
Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ЛХ, ППС СТПЗ, ППС күштері, "Бурабай" МҰТП, "Степное лесничество" орман шаруашылығы, "Красноборское" КММ өкілдері, сондай-ақ Красивое, Валиханово, Сепе, Викторовка ауылдарының "Ауыл құтқарушылары" жасақтары қатысты.
Бірқатар жағдайда өрттің шығуына тұрғындардың отпен абайсыз жұмыс істеуі себеп болған.
Ақмола облысының ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.