Ақмола және Қарағанды облыстарында метеорологиялық жағдайдың нашарлауы күтілуде

248

Бұл туралы Қазавтожол хабарлады.  

Ақмола және Қарағанды облыстарында метеорологиялық жағдайдың нашарлауы күтілуде

Ауа райы болжамына сәйкес, бүгін сағат 19:00-ден бастап Ақмола және Қарағанды ​​облыстарында метеорологиялық жағдайдың нашарлауы күтілуде, яғни қалың қар жауып, қатты жел соғуы мүмкін, салдарынан көрініс шектеледі. Мұндай ауа-райының қолайсыздығы 2024 жылдың 8 қаңтары сағат 16.00-ге дейін сақталады деген болжам бар.

Осыған байланысты, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана-Щучинск және Астана-Теміртау бағыттарында көлік қозғалысына шектеулер енгізілуі мүмкін екендігін хабарлаймыз.

Ауа-райы туралы ақпаратқа назар аударып, сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ, 1403 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Бұл нөмір арқылы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал  жөніндегі ақпаратты алуға болады.

Айта кетейік, автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары қарқынды жүргізіліп, қар тазалау техникалары тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу