Ақмола және СҚО құтқарушылары су тасқыны жағдайын бағалады

188

Су тасқыны жағдайын бағалау аясында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары гарнизондарының басшылары жұмыс кеңесін өткізіп, Селеті су қоймасынан су жіберілуі мүмкін аймақта орналасқан су басу қаупі бар елді мекендерге әуеден шолу жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақмола және СҚО құтқарушылары су тасқыны жағдайын бағалады Фото: Ақмола облысы ТЖД

Әуеден шолу барысында қар қорының көлемі бағаланып, Селеті су қоймасынан еріген қар суы жіберілетін Селеті өзенінің арнасы тексерілді. Гидротехникалық құрылыстардың жағдайына және өзен арнасының су өткізу қабілетіне ерекше назар аударылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Селеті су қоймасының жұмыс режиміне қатысты өзекті мәселелер талқыланып, су тасқыны кезеңінде оны тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар әзірленді.

Жағдай тұрақты бақылауда, қабылданып жатқан шаралар ықтимал қауіптерді азайтуға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу