Ақмолада арнайы техника тасымалдаған патрульдік көлік жол апатына ұшырады

321

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақмолада арнайы техника тасымалдаған патрульдік көлік жол апатына ұшырады Фото: kaz.inform.kz

Ақмола облысындағы Астана – Петропавл тасжолында арнайы техниканы тасымалдап бара жатқан патрульдік полиция көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан полиция қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желідегі жергілікті пабликтерде жарияланды.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

– 3 қарашада Астана – Петропавл автожолында патрульдік полиция көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, JAC T9 автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтамай, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, арнайы жол техникасын алып жүру міндетін атқарып жүрген полицияның қызметтік көлігімен соқтығысқан, – деп түсіндірді ведомстводан.

Жол апаты салдарынан жарақат алған полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілген.

– Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп толықтырды полиция.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу