Ақмолада көлік салонынан ер адамның мәйіті табылды

404

Бұл туралы ақпаратты ІІМ ақпарат агенттігі мәлімдеді.  

Ақмолада көлік салонынан ер адамның мәйіті табылды Фото: polisia.kz

15 қараша Көкшетау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына Әуезов – Подгорная көшелерінің қиылысында Красный Яр бағытында автобус аялдамасына соқтығысқан Mercedes автокөлігінің жанып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу келіп, өртті сөндіру барысында көлік салонынан ер адамның күйіп кеткен мәйіті табылды.

Полиция басқармасы осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, қаза тапқан ер адамның жеке басы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу