Ақмолада көлік ұрысы ұсталды

411

Жәбірленуші шығын сомасын 1,5 млн теңгеге бағалады. 

Ақмолада көлік ұрысы ұсталды Фото: polisia.kz

12 қарашада Егіндікөл ауданының полиция бөліміне жергілікті 22 жастағы тұрғын 12 қарашаға қараған түні үйдің ауласынан белгісіз адам BMW-325 автокөлігін ұрлап әкеткені туралы өтінішпен жүгінді.

Ұрланған көлік құралының, сондай-ақ қылмыс жасауға қатысы бар адамдардың орналасқан жерін анықтауға аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, берілген күштер мен жұртшылық бағдарланды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пробация қызметінде есепте тұрған, бұрын сотты болған Егіндікөл ауылының 21 жастағы тұрғыны 15 қарашада Қарағанды облысының аумағынан ұсталды. Қуғыннан құтылуға тырысқан күдікті басқа біреудің көлігімен кюветке түсіп кеткен. Кейін көлікті тастап, жасырынуға тырысты, алайда қолға түсті.

 Күдіктінің айтуынша, 12 қарашада сағат 04:00 шамасында танысына келген. Алайда ол үйінде болмағандықтан, қаскүнем аулада тұрған көлікті ұрлап әкеткен. Көлік құлыпталмаған, кілттер тұтану қосқышында болған. Күдікті біреудің көлігімен бұрын тұрған Қарағанды облысына жол тартқан.

 Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлел-автокөлік тәркіленді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу