Ақмолада құтқарушыларға жаңа қызметтік пәтерлер табысталды

419

Ақмола облысының Бурабай ауданында Төтенше жағдайлар министрлігінің №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жаңғыртудан өткен қызметтік тұрғын үйі пайдалануға берілді. 

Ақмолада құтқарушыларға жаңа қызметтік пәтерлер табысталды Фото: ТЖМ

Салтанатты рәсімге Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов қатысып, құтқарушылар мен олардың отбасыларына пәтер кілттерін табыстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Екі қабатты тұрғын үйде кешенді жөндеу және әрлеу жұмыстары жүргізілген. Жоба бюджет қаражатынсыз, Қазақстан құтқарушылары қорының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Үйдегі 11 пәтердің барлығы толық жиһаздалып, қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталған.

Іс-шара барысында азаматтық қорғау жүйесінің дамуына үлес қосқан қызметкерлер мен азаматтар министрдің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Жаңғырту аясында өрт сөндіру бөлімінің аумағы да толық абаттандырылды. Мұнда демалыс орындары жасалып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, субұрқақ пен сәндік мүсіндер орнатылды. Сондай-ақ өрт сөндіру техникасына арналған кіреберіс жолдар мен арнайы алаңдар жаңартылды.

Қызметтік пәтерлер №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері мен жедел-құтқару жасағының қызметкерлеріне берілді. Аталған бөлім 47 мыңнан астам тұрғыны бар Щучинск қаласының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, аумақта ТЖМ авиациясының жедел жұмыс істеуіне арналған екі тікұшақ алаңы жабдықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу