Ақмолада жол апаты кезінде жоғары кернеулі электр желісі зақымданды

343

Қазіргі жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Ақмолада жол апаты кезінде жоғары кернеулі электр желісі зақымданды Фото: Бейнежазбадан

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы кезінде жоғары кернеулі электр желісі зақымданып, жеңіл автокөліктер үшін айналма жол ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астрахан ауданы әкімдігінің мәліметінше, Староколутон ауылдық округіне қарасты Қоскөл ауылы маңындағы республикалық трассада алдын ала дерек бойынша 500 кВ жоғары кернеулі электр беру желісі тірегінің құлауы салдарынан ол жол бөлігіне түскен.

– Адам өмірі мен қауіпсіздігіне төнген қауіпке байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қазіргі жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Оқиға орнында барлық тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу